Меню KDT
МЕНЮ
"Мектеп Президентін сайлау" пилоттық жоба

С. Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде «Мектеп Президентін сайлау туралы» ережесінің 4 бөлімі 32 тармағына сәйкес 24 қазан күні қайта сайлау өтті.

Учаскелердегі сайлаушылардың жалпы саны -2740, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы саны – 2513 (91,7%).

Сайлауға қатысқан екі кандидатқа дауыс беру келесідей нәтижемен аяқталды: Катвалян Офелья – 982 (39,07 %), Кульмаева Томирис – 1453 (57,8%).

2017  жылғы 24 қазандағы мектеп Президентін сайлаудағы дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманың негізінде өткен сайлау жарамды деп танылып, 9 «А» сынып оқушысы Кульмаева Томирис мектеп Президенті болып сайланды.

     



Астана қаласы С.Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде өткізілген «Мектеп Президентін сайлау» пилоттық жобасы өз мәресіне жетті. Сайлауға 11 кандидат қатысып, Аймахан Нұрбол  312  дауыс (11,3 %), Байгаманбетов Рауан  278 (10,1%), Буркутова Камила 84 дауыс (3 %) Жанабилова Жания 122 дауыс (4,4 %), Жасұлан Дина 118 дауыс (4,3 %), Катвалян Офелья 487 дауыс (17,7 %), Кенжалин Асқар 53 дауыс (2%), Кульмаева Томирис 506 дауыс (18,4%), Қалиқызы Гульзат 47 дауыс (1,7%), Тлегенова Амина 203 дауыс (7,4%), Усенова Алина 115 дауыс (4,1%) жинады.
«Мектеп Президентін сайлау туралы» ережесінің 4 бөлімі 32 тармағына сәйкес барлық кандидаттар дауыс берген сайлаушылардың елу пайызынан астам дауысын жинай алмағандықтан, ең көп дауыс жинаған екі кандидат Катвалян Офельямен Кульмаева Томириске 24 қазан қайта дауыс беру өткізіледі.

     

     
     

Бекітілген жоспарға сәйкес мектептік сайлау комиссиясының жұмыс жүргізу барысы 

         

«Дауыс беруге арналған кабинкаларды безендіру» байқауы    

           

     Дауыс беру кабинкаларын дайындау кезеңі

             
   

Мектеп Президенттігіне кандидаттарды үгіт-насихат жүргізу барысы

  
             
             

   Мектеп Президенттігіне кандидаттардың сөйлеу кезектілігін анықтау 

             

      Мектеп Президентін сайлау