Меню KDT
МЕНЮ

«Smart» мектеп

Астана қаласы Әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиевтің тапсырмасы бойынша «SmartAstana» концепциясы шеңберінде «Астана Innovations» АҚ компаниясы «Smart» мектеп жобасын іске асырды.

Жобаның мақсаты оқушылар қауіпсіздігінің деңгейін көтеру, кітап қорларын беруді есепке алудың электронды жүйесін енгізу және оқу орны асханасында тамақтанғаны үшін төлемді автоматтандыру болып табылады.

2015 жылы пилоттық жоба «№ 3 мектеп-гимназиясы» ММ және «№ 15 мектеп-лицейі» ММ базасында іске асырылды.  

№ 3 мектеп-гимназиясындағы жобаны көрсету рәсіміне Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысты.
Жоба келесі модулдерден тұрады: ҚББЖ (қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі); бейнебақылау; е-асхана; е-кітапхана және жеке кабинет.

Қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі
 мектеп ғимаратына қолжетімділікті басқаруды жүргізуге және бөтен адамдардың ғимаратқа кіруінің алдын алуға, оқушының келіп-кетуі туралы ата-аналардың телефондарына SMS хат жолдау арқылы хабардар етуге мүмкіндік береді.

Бейнебақылау 
көріністі нақты уақытту көру мүмкіндігін ұсынады, қолмен/автоматты түрде жазу, бейне ақпаратты қосу және сақтау, өмір-тіршілікті кешенді қамтамасыз ету жүйесімен біріктіру.

Е-асхана, 
асханада электронды төлем жүргізуге, мәзірдегі позицияларды көрсетуге, оқушының ас үлесін жеке кабинет арқылы қарауға мүмкіндік береді.

Е-кітапхана 
құрамдасын енгізу кітап, оқулықтар және өзге әдебиеттер мәліметтерінің электронды базасын құруға, кітаптарды тез іздеп табуға, оқырманның электронды картотекасын жүргізуге, жеке кабинетке жеке статистиканы шығаруға, кітапханадағы кітаптар бойынша берекшек есебін жүргізуге, кітаптарды беру процесін тездетуге мүмкіндік береді.

Жеке кабинет 
жобаның кіші жүйесімен өзара әрекет ету нүктесі болып табылады, оның көмегімен ата-аналар мектепке бару статистикасын, кешігулер санын, кітапхана қорын пайдалану тарихын, асханадағы және буфеттегі шығындар статистикасын, электронды баға журналын және оқушы күнделігін көре алады.

Жобаны енгізуден күтіліп отырған әсер:
  - мектепке бөтен адамдардың кіруіне жол бермеу;
  - штаттан тыс жағдайлардың алдын алу;
  - мектеп асханаларында оқушыларға қызмет көрсетудің жайлылығы (оқушыларға түскі асқа берілген ақшалай қаражат тек тиісті нәрсеге пайдаланылатын болады);
  - кітпахана қорын автоматтандыру;
  - бейнебақылау және қолжетімділікті бақылау жүйесі материалдарының нақты уақыт ағымында жиналуы мен сақталуы арқасында орын алған жағдайларды тергеуді жеңілдету; 
  - оқушылардың қатысуы туралы ата-аналарды ақпараттандыру;
  - мектептегі тамақтану жабдықтаушыларының қызмет көрсету сапасын бақылау;
  - сандық білім беру қорлары арқасында оқушылардың ұсынылып отырған оқу материалына қызығушылығын арттыру.

Құрметті ата-аналар!

Балаларыңыз атаулы смарт-карталар алды. Енді Сіздер балаңыздың мектепке кіру/мектептен шығу уақытын, сондай-ақ оның тамақтану мөлшерін қадағалай аласыздар.

Ол үшін сіздерден смс алуды және е-асхана қызметін пайдалануды қалайтын ата-аналар тізіміне қосу өтілімімен сынып жетекшісіне еркін формадағы өтініш берулеріңізді сұраймыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:

1) SMS-хабарландыру қызметін пайдаланудың ай сайынғы төлемі алынған SMS нақты саны бойынша аударылатын болады (Kcell, Билайн, Tele2 абоненттері үшін 1 SMS5,77 теңге   и Altel абоненттері үшін 1 SMS 7,88 теңге).

2) Электронды асхананы пайдалану үшін сізге сынып жетекшісінен жеке кабинеттің логинін/құпия сөзін алу қажет. Жеке кабинетте және «Касса-24» терминалдары арқылы Сіз өз балаңыздың смарт-картасының теңгерімін толтыра аласыз.

Егер баланың тағамдық аллергиясы бар болатын болса, оны өтініште көрсетуді сұраймыз, бұдан әрі жеке кабинетте аллергияны асқындыратын өнімдердің сатылуын өз бетіңізбен блоктай аласыз.