Меню KDT
МЕНЮ
Нұр-Сұлтан қаласы
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей
2019-2020 оқу жылында Қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмысы туралы есеп

 

          Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 2016-2017 оқу жылында Қамқоршылық кеңесінің құрамы «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде жасақталып, Нұр-Сұлтан қаласының Әділет Департаментінде 09.03.2017 жылғы №170340010754 нөмірімен тіркеліп, бүгінгі күнге дейін өз қызметін жалғастырып келеді. Қамқоршылық кеңесінің ережесі дайындалып, мектеп директорымен бекітілген. Қазіргі таңда Кеңес құрамында 11 адам бар. Қамқошылық кеңесінің төрағасы – 1 адам, кеңес мүшелері – 10 адам. Жыл сайын оқу жылы бойынша жоспар құрылып, жұмыс көздері жүргізіліп отырады.
Қазіргі таңда Қамқоршылық кеңесінің төрағалық қызметін Абдижалилов Атахан Усманханович атқарып келеді. Кеңес хатшысы ретінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Абильдина атқарады және ол Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайды.
          Мектеп сайтында Қамқоршылық кеңесіне арналған арнайы айдар бар. Кеңес мүшелері жөнінде ақпарат (қызметтері көрсетілген), фотосуреттері, Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне жазбаша келісімдері, отырыс хаттамалары жүктелген. Кеңес хаттамаларында тек төрайым мен хатшының қолдары қойылған. Кеңес отырыстарының келесі хаттамаларын жүргізу кезінде ескертулер ескеріліп, барлық мүшелердің қол қоюы қамтамасыз етіледі. http://37.astana-bilim.kz/popsovet?lang=ru        
2019-2020 оқу жылында Қамқоршылық кеңесімен бірлесе келесі тақырыптарда 4 отырыс болды:
  1. 1-11 сынып оқушылары үшін Жаңа жылдық мерекені ұйымдастыру. Жаңа жылдық бағдарламаны таңдау;
  2. Ата-аналардың өтініштерін қарау (ата-аналардың балаларға олардың есебінен жаңа жылдық сыйлықтар сатып алуы);
  3. 2018-2019 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңес жұмысының есебі. Қамқоршылық кеңес төрағасын қайта сайлау;
  4. Мектебіміздің кәмелет жасқа толмаған төрт баланы асырап отырған жалғызбасты көпбалалы анаға материалдық жағынан көмек көрсету.
      Оқу жылы бойына Қамқоршылық кеңесімен мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу бойынша көптеген құжаттар бірге келісіліп жасалды. Мысалы:
-        Қамқоршылық кеңесімен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей» Еңбекті төлеу жұмысын ұйымдастыру туралы ережесі келісілді.
-        Қамқоршылық кеңесімен «Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей» Мектептің ішкі тәртібі ережесі келісілді.
-        Қамқоршылық кеңесімен «Қосымша білім беру қызметтері мен шығармашылық технологиялар академиясының» ішкі еңбек тәртібі ережесі келісілді.
-        Жыл сайын Қамқоршылық кеңесі мектептің педагогикалық ұжымымен өтетін тамыз конференциясына қатысып,  оқу-тәрбие жұмысы мен материалдық база, қаржылық есептер туралы толық ақпарат алып отырады. Сондай-ақ, алдағы оқу жылына құрылатын жоспарлармен танысады, өз ұсыныстарын білдіре алады.
-        Оқу жылы барысында өтетін жалпымектептік ата-аналар жиналысы мен ашық есік күндеріне қатысып, ата-аналар назарына ұсынылатын ақпараттар мен есептермен танысып отырады. Ата-аналар тарапынан туындаған сұрақтар мен мәселелерді мектеппен бірге шешуде атсалысады.
-        2020 жылдың 25 мамырында өтетін «Соңғы қоңырау» онлайн-сынып сағаттарына белсенді атсалысты.
Мектеп оқушыларын тамақтандыру сапасын бақылау мақсатында Қамқоршылық кеңесінің екі мүшесі сарапшылық (бракераж) кеңесінің құрамына енді. Ай сайынғы арнайы кестеге сай мектеп асханасы қызметінің сапасын жақсарту мақсатында тексеріп, бақылау қорытындысын (ұсыныстарын) сарапшылық журналында жазып қалдырады.
Оқушылардың құқық бұзушылығының алдын алу кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген отырыстарға қатысып, оқушылар мен ата-аналарға кеңес беріп келеді. Бала тәрбиесіндегі келелі мәселелерді талдай отырып, кейбір жас, өмірлік тәжірибесі аз ата-аналармен жұмыс жасауда жүйелі түрде көмек беріп отыр.
       COVID-19 пандемиясы кезінде де Қамқоршылық кеңесі өз қызметін жалғастырды. Мәселен, мектебіміздегі кәмелет жасқа толмаған төрт баланы асырап отырған жалғызбасты көпбалалы анаға материалдық жағынан көмек көрсету туралы онлайн-отырыс жасалып, нақты шешімдер қабылдады. Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің көпбалалы ата-анасы Нуржигитова Айганым Сабырхановнаның төтенше жағдайда орын алған жағдайына орай, Қамқоршылық кеңесі материалдық көмек көрсетуде белсенділік танытты.
       2020 жылдың 25 мамырында өткен «Соңғы қоңырау» онлайн-сынып сағаттарына Қамқоршылық кеңесінің 6 мүшесі түрлі сыныптарға қатысып, оқу жылының аяқталуына орай құттықтаулар жасады.
       Кеңес төрағасы Абдижалилов Атахан Усманханович барлық педагогикалық кеңестерге қатысып, педагогикалық ұжымға үнемі қолдау көрсетумен бірге өзіндік ұсыныстарын білдіріп отырады.
      Кез келген ақпараттар мүмкіндігінше мектеп сайты мен фейсбук желісіне орналастырылып отырады.
 
 
Текст