Меню KDT
МЕНЮ

«БАҚЫТТЫ ЖОЛ» кездесулер хаттамасы

№1 хаттама

№2 хаттама

01.11.2017 ата-аналар жиналысының хаттамасы


09.01.2018 хаттама

21.09.2018 хаттама

20.12.2018  хаттама

17.01.2019 хаттама

11.02.2019 хаттама

21.09.2019 хаттама

АТА-АНАЛАРҒА ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте 2019 жылдың 16-19 қаңтар аралықтарында 2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жұмыстарының қорытындысы, 2018 жылға бөлінген бюджеттің жүзеге асырылуы және 2019 жылдың бюджетін үйлестіру бойынша есеп беру, оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру мен жалпыға бірдей білім беру қорын пайдалану туралы есеп беру, Қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралыесеп беру бойынша 1-4, 5-7, 8-11 сынып ата-аналарына арналған «Ата-аналар жиналысы» болып өтті. Жиналысты директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Б.Курсанова, Г.Сатыбалдина, З.Алимова, Х.Ергалиев жүргізді. 1-4 қазақ сыныптары бойынша 155, 1-4 орыс сыныптары бойынша 169, 5-7 сыныптар бойынша 128, 8-11 сыныптар бойынша 130, барлығы 582 ата-ана қатысып, мектептің қазіргі таңдағы жай-күйімен танысты. Сол сияқты, ата-аналар тарапынан оқу-тәрбие үрдісіне орай түрлі бағыттағы сұрақтар жазба түрде ұсынылып, мектеп әкімшілігі тарапынан шешімін табу да қарастырылды. Ата-аналар жиналысына мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері А.У. Абдижалилов, Б.М.Адилова, А.Л.Соха, Д.Х.Генхузов қатысып, кеңестің есебі берілді, ата-аналар мен Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің арасында байланыс орнады. Ата-аналар мектептің қазіргі таңдағы жетістіктеріне ризашылықтарын білдіріп, «Даму жоспары» бойынша мақсат етілген алдағы істеріне сәттіліктер тіледі.