Меню KDT
МЕНЮ
Жаңалықтар

ЕЛ БІРЛІГІ – ДОСТЫҚ БАСТАУЫ

ЕЛ БІРЛІГІ – ДОСТЫҚ БАСТАУЫ
«Көктемгі 1 Мамыр мерекесі біздің елдегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыра түсуі тиіс. Бұл біздің туған Қазақстанымыздағы 20 жылда құрған негізгі мерекеміз болады. Бірінші мамыр – бірліктің ерекше мерекесі», ‑ деген еді Елбасы.
Еліміздегі елеулі мереке қарсаңында Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейде «Ел бірлігі – достық бастауы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарын өткізу барысында байқағанымыз – еліміздегі ұлттар достығын дәріптеудегі оқушылармен қоса ата-аналардың белсенділігі.
Татулық пен бірлікке деген ортақ бағытымыз ел ырысының бастауы болмақ.
Бүгінгі сынып сағатын өте ерекше дайындықпен өткізген әріптесіміз Ботакөз Абылқасымқызына, 4 «Ә» сыныбының өнерлі де патриот оқушыларына, ата-аналарына ризашылығымызды білдіреміз.


https://www.facebook.com/guljan.tuleuova/videos/1259094681126363/


Просмотров: 27

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь