Меню KDT
МЕНЮ
Жаңалықтар

Онлайн тәртібіндегі жалпымектептік ата-аналар жиналысы

Онлайн тәртібіндегі жалпымектептік ата-аналар жиналысы
2020 жылдың 2 мамыры күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейде онлайн тәртібінде 1-11 сынып ата-аналар комитетінің төрайымдары мен төрағалары үшін жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тілектесқызы онлайн-жиналыста жүздесіп отырғанына өз қуанышын жеткізіп, қатысып отырған ата-аналарға ризашылығын білдірді. Бүгінгі жиналыстың күн тәртібімен таныстырды:
1. Қорытынды аттестаттау ерекшелігі және онлайн тәртібінде БЖБ, ТЖБ өткізу бойынша ұсыныстар – Алимова З.С. (директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары) 10 мин.
2. Қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру үрдісін ұйымдастыру, онлайн тәртібін жүзеге асырудағы платформалар мен бағдарламалар – Алибекова Г.З. (директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары) 10 мин.
3. Тәрбие жұмысын Қашықтықтан ұйымдастыру және қазіргі таңдағы нәтижелері – Г.Абильдина (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары) 10 мин.
4. Балаға Қашықтықтан оқыту кезеңінде қандай психологиялық көмек қажет? - Я.Банникова.,С.Нурмаханова (мектеп психологтары) 10 мин.
Күн тәртібіне қойылған барлық сұрақтар аясында толық мәліметтер айтылып, ата-аналарға ұсыныстар жасалды.
Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан туындаған көптеген сұрақтарға жауап беріліп, өтініш-тілектері ескерілді. Сондай-ақ, ата-аналардың бүгінгі жиналыстан мазмұнды және пайдалы дүние алғандықтары туралы көптеген оң пікірлер жазылды.

https://www.facebook.com/guljan.tuleuova/videos/1260628594306305/


Просмотров: 30

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь