Меню KDT
МЕНЮ
Жаңалықтар

«АБЫЗ ДОМБЫРА» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНАН СҮЙІНШІ ХАБАР!

«АБЫЗ ДОМБЫРА» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНАН СҮЙІНШІ ХАБАР!
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы талантты оқушыларының арасында аспапта орындайтын өнерпаздардың қазақ ән-күйлерінің шығу тарихын білу, сөйлеу және әнгімелеу мәдениетін дамыту, мектеп оқушыларын халық мәдениетіне баулу, қазақ халқының ән-күй өнерін насихаттау мақсатында  өтетін «АБЫЗ ДОМБЫРА» ҮІ қалалық КҮЙШІЛЕР МЕН ӘН-ТЕРМЕШІЛЕР байқауы өтті. Байқауға Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінен екі оқушы қатысып, екеуі де жүлделі орын алып келді. Мектептің қазіргі таңдағы бас күйшісі Рахимова Әмина БАС ЖҮЛДЕ, Айдосұлы Жасұлан ІІІ ОРЫН иеленіп, мектеп абыройына өзіндік үлестерін қосты. Осы таланттарды кішкентайынан күй өнеріне баптап келе жатқан ұстазы, әріптесіміз Роза Қалыпбайқызына ерекше алғысымызды білдіре отырып, бүгінгі жеңістерімен құттықтаймыз!

 Ән-термеші жанры бойынша кішкентай дәстүрлі әншіміз Болатханов Ислам қатысып, тағы бiр БАС ЖҮЛДЕНІ қанжығасына байлап келді. Бұл байқауда Ислам өзінің әншілігімен қатар, орындап отырған әнінің шығу тарихын толық білетіндігімен және ән тарихын қазақтың өз сөзімен әдемі жеткізе алатындығымен ерекшеленді. Исламды соңғы екі жылдан бері жетекшісі Ахмедияр Нұрдәулет өнер жолына тәрбиелеп, бәйгеге қосып жүр.

Бүгінгі жеңісті сәттерімен талантты оқушыраымызды да, ұстаздарын да шын жүректен құттықтаймыз!
           



Просмотров: 10

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь