Меню KDT
МЕНЮ
Жаңалықтар

«Eсo Truck» шарасы

«Eсo Truck» шарасының күнделігінен...
Бүгін, 6 қараша күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 5-сынып оқушыларымен «Eсo Truck» шарасы ұйымдастырылды. Шара теориялық және практикалық жақтан қамтылып, оқушыларымыз сұрыптап жинаудың маңыздылығы мен мақсаттарын түсінді. Үш түрлі қызмет арқылы қоқысқа қайта өмір сыйлауды тәжірибе арқылы көрген оқушыларымыздың қояр сұрақтары мен балалық таңданыстары ерекше болды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда және шараны жүзеге асыруда Сайлауова Томирис пен Есенбеков Балтабек Қайыржанұлына және 5-сынып жетекшілері алғысымызды білдіре отырып, оқушыларымыздың бүгінгі алған білімдері тек мектеп өмірінде ғана емес, үйде, қоғамда жүзеге асатынына сенеміз.
Аталмыш шараның жалғасы «Менің эко-өмір мектебім» бастамасын ілгерілету бойынша «Eсo Truck» доңғалақтарды қатты заттарды өңдеу зауытына 10-сыныптардың экскурциясына ұласты. Жоғары сынып оқушылары экомәдениеттің шын мәніндегі тәжірибесін көзбен көріп келді.
                   

Просмотров: 7

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь