Меню KDT
МЕНЮ
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)
ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі  ретінде қалады.
2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ   (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. Барлық сұрақтар ескеріледі.

 

 

Тапсырма саны

Тапсырма формасы

 

Бағалау объекті

 

1- блок

Математикалық сауаттылық

20

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

        

Функционалды сауаттылық, логика, сандық салыстыруға тапсырмалар

 

Оқу сауаттылығы

20 (4 мәтін)

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

 

Оқу, мәтінді түсіну, мәтін мазмұнына рефлексия, талдау жасай білу, салыстыру және т.б.

 

Қазақстан тарихы

20

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

 

Пәнді білу

 

 

Бейіндік пәндер (әрбір мамандық бойынша екі пән)

 

 

1 бейінді пән

 

20

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

 

Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

 

10

Ұсынылған көп тапсырманың  бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып

 

Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

 

 

2- блок

2 бейінді пән

20

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

 

Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

 

10

Ұсынылған бес тапсырманың  бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып

 

Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

 

 
Тестілеу уақыты 3 сағат 30 минутты құрайды. Шекті балл 50 өзгеріссіз қалады.
ЖОО-ның  барлық 175 мамандығы 10 комбинацияға бейінді пәндер шегінде бөлінді. Бейінді пәндерді бітіруші түсетін мамандығын анықтауы үшін өзі таңдауы тиіс (Мысалы,  математика + физиканы тапсыру кезінде, талапкердің 52 мамандықтың ішінен таңдау мүмкіндігі бар). 

Бейінді пәндер

Мамандықтар саны

1

Математика + физика

52

2

Математика + география

18

3

Тарих+ география

7

4

Биология + химия

22

5

Биология + география

12

6

Шет тілі + тарих

11

7

Оқыту тілі және әдебиет (қазақ немесе орыс) + тарих

7

8

География + шет тілі

4

9

Химия + физика

5

10

Тарих + Адам. Қоғам. Құқық

4

11

Шығармашылық емтихан

33

Барлығы

175

 
Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау  10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады. ҰБТ 165 ҰБТ-ны өткізу пункттерінің базасында өткізіледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы. 2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шекті балл – 50.
«Алтын Белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады, сондай-ақ балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі (Мысалы, егер бітіруші және «Алтын Белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын Белгі» иегеріне беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын Белгі» иегеріне басымдық берілмейді).
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы гранттар бөлінеді.
 
Талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ)
Колледж бітірушілері үшін ТКТ форматы өзгертілді.
ТКТ-ның жаңа форматы бойынша колледждер үшін 60 сұрақ қарастырылған, оның 20-сы жалпы пәндер және 40-ы бейінді пәндер бойынша. Бұл егер бітіруші өз бейіні бойынша оқитын болса (Мысалы, педагогикалық мамандыққа баратын педагогикалық колледждің бітіруішісіне арналған). Мамандық бейінін өзгертетін бітіруші тестілеуді ҰБТ форматы бойынша тапсырады.
Тестілеу уақыты  - 100 минут.
 
Тапсырма саны
Тапсырма формасы
 
Бағалау объекті
Жалпы бейінді пән
20
Ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдай отырып
 
Тапсырмалар базалық пән бойынша  академиялық білімін тексеруге бағытталады
 
30
Ұсынылған көп жауаптан  бір дұрыс жауабын таңдай отырып
        
Тест тапсырмалар базалық пән бойынша  терең академиялық білімін және практикалық қабылеті мен дағдыларын тексеруге бағытталады
Бейінді пән
10
Ұсынылған көп жауаптан  бірнеше дұрыс жауапты таңдай отырып
 
Тест тапсырмалар базалық пән бойынша  терең академиялық білімін және практикалық қабылеті мен дағдыларын тексеруге бағытталады 

 

Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау  - 10 наурыз - 1 шілде аралығы. ТКТ базалық жоғары оқу орнында орналасқан 42 ҰБТ-ны өткізу пункттерінде өткізіледі. ТКТ-ны өткізу мерзімі – 17 шілде мен 23 шілде аралығы. Шекті балл – 35.