Меню KDT
МЕНЮ

Әдістемілік жинақ шет тілдері пәні бойынша

2017-2018 оқу жылынның  13 қыркүйектен 23 қыркүйек аралығында, жазушы- ақын Сырбай Мауленовтың 95 жылдығына орай Тілдер апталығы өтілді.

Апталықта көптеген іс-шаралар өткізілдію, соның ішіндегі ең алғашқы іс-шара ол, суреттер байқауы. «The Paintbrush Master» суреттер байқауына, 3-4 сынып оқушылары қатысып, өздерінің шеберлігін көрсетті. Аталмыш конкурста, Сырбай атамыздың шығармашылығының , яғни, өлеңдері мен әңгімелеріне сай, оқушылар өз көзқарастарын суреттер арқылы көрсетті.

Апталықтың қорытындысы бойынша келесңдегңдей оқушылар жүлделі І, ІІ және ІІІ орындарға ие болып, арнайы грамоталармен марапатталды:

І орын:       Ернарқызы Айша, 4 «Г» сыныбы.

ІІ орын:      Рахымжан Мерей, 3 «Б» сыныбы.

Рамазанова Дәмелі,  3 «Г» сыныбы.

ІІІ орын:     Нұрманберлі Қасымжан 3 «Ә» сыныбы.

Борисова Юлия 3 «К» сыныбы.

 

 

«The Magic World of Syrbay Maulenov» сабақтан тыс іс-шараның ең басы (презентация) көрсетілген кезі.

2017 жылдың 19 қыркүйегінде, Сырбай Мауленов атындағы №37 мектепте, ақын- жазушы Сырбай Мауленовтің 95 жылдығына орай, «The Magic World of Syrbay Maulenov» сабақтан тыс іс-шара өткізілді.

Аталмыш іс-шараға 5-6 сынып оқушылары қатысты.  Іс-шараның бірінші бөлімінде, ақын туралы ағылшын тілінде презентация көрсетіліп, оқушылар Сырбай Мауленовтың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты.  Іс-шара барысында, оқушылар, ақынның өлеңдері оқылған видео көріп, «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңін шырқады.

Соңында, оқушыларға рефлексия жасалды. Тақтаға ілінген плакатта, балалар 6 аралдан  туратын рефлексияға өз ойларын білдіріп, қажетті стикерлерді ілді. 

Оқушылардың басым көптігінің ойынша, олар, бұл сабақтан өздеріне көптеген мағлұматтар алып, Сырбай  Мауленовтің шығармашылығымен және өлеңдерімен тағы да жақын танысты.