Меню KDT
МЕНЮ

Тарих және құқық пәндері

Ашық сабақ (жүктеу,.doc)


 

Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің 2017-18 оқу  жылындағы  қоғамдық пәндер бірлестігінің есебі(жүктеу,.doc)


Дөнгелек үстел "Өлеңмен өрілген отты жылдар" 18.09.2017 жыл (жүктеу,.doc)


Дөнгелек үстел «Еңселі елден – Мәңгілік елге» 14.12.2017 жыл (Баспасөз баяны - жүктеу,.doc; бағдарлама - жүктеу,.doc)

      Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 26  жылдығы қарсанында   Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп желтоқсан  айының 14 күні мектептің оқу залында  10-11 қазақ –орыс сыныптары  арасында Елбасының «Болашаққа бағадар:Рухани жаңғыру» «Еңселі елден – Мәңгілік елге» атты тақырыбында  қалалық  дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар  Білім басқармасы қоғамдық пәндердің әдіскері Әмірғалиева Дайра Қайнемқызы, Мемлекет тарих институтының аға қызметкері Калиев Жабай Нурмакович, ЕҰУ тарих кафедрасының оқытушысы PhD докторы Кабылтаева Самал Казизовна, ЕҰУ Археология және этнология кафедрасының доценті Ибадуллаева Злиха Омербековна, ЕҰУ Еуразиялық зерттеу кафедрасының оқытушысы Ахметшина Гульден Улихановна. Дөңгелек үстел мәжілісінде  Қазақстанның әл-ауқаты, қуғын-сүргінге ұшыраған алаш зиялылары, тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жағдайы: экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуал, қазіргі Қазақстанның жағдайы және ертеңге деген жастардың сенімі және т.б. мәселелер қаралды.

      Дөңгелек үстел барысында мектеп оқушылары  өз ойларын анық жеткізгенің, тарихи оқиғаларды тереңнен айта білгенің, мемлекеттік бағдарламаны жоғарғы деңгейде талдағаның көрген қонақтар өз пікірлерін айтып, алғысын білдірді.

      Дөңгелек үстел ұйымдастырған тарих пәнінің мұғалімдері  Алиева Ғ.Ш., Рахимжанова М.К.



2017 жылдың 29 қарашада сағат 12.00 Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте Тұңғыш Президент күніне арналған  10 сыныптар арасында «Жарқын болашаққа бастаған ұлт Көшбасшысы» атты коференция өтті.Бұл конференция барысында оқушылар Қазақстан Респуликасының Президенті- Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа  тәуелсіз мемлекет құрудағы стратегиясының  табыстылығың баяндады. Сонымен қатар ҚР тұңғыш Президентінің өмірбаяны, қызмет жолдары, ҚР саясатындағы реформалары және оның оң нәтижелері, әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның тәуелсіздік жылдардағы алатын орны, Елбасының ҚР халқына жыл сайынғы Жолдауларының маңызы туралы оқушылар тарапынан баяндалды. Олар Елбасының жетістіктерін, тарихын айқындап көрсетті. Конференцияны ұйымдастырған тарих пәнінің мұғалімдері  Алиева Ғ.Ш., Рахимжанова М.К.

 Тарих – ізгілікке үндейді.doc