Меню KDT
МЕНЮ

Қамқоршылық кеңесі туралы ақпарат

2018-2019 оқу жылында С.Мәуленов атындағы №37 орта мектепте Қамқоршылық кеңесінің құрамы «білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде жаңартылды. Кеңес құрамында 9 адам бар. Оқу жылы бойынша жоспар құрылып, төмендегідей жұмыс көздері жүргізіліп келеді.

2018 жылғы 21 қыркүйек күні өткен отырыста Қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып Тлектес Сайхатановна Шингужинова сайланды. Кеңес хатшысы ретінде тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары А.Махамбетова тағайындалды және ол Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайды.

         Мектеп сайтында Қамқоршылық кеңесіне арналған арнайы айдар бар. Кеңес мүшелері жөнінде ақпарат (қызметтері көрсетілген), фотосуреттері, ҚК мүшелігіне жазбаша келісімдері, отырыс хаттамалары жүктелген. Кеңес хаттамаларында тек төрайым мен хатшының қолдары қойылған. Кеңес отырыстарының келесі хаттамаларын жүргізу кезінде ескертулер ескеріліп, барлық мүшелердің қол қоюы қамтамасыз етіледі. http://37.astana-bilim.kz/popsovet?lang=ru

2018 жылғы қыркүйек айында мектепте қосымша білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша ата-аналар арасында сауалнама өткізу қамқоршылық кеңесімен келісіліп, қорытындысы бірге қарастырылды.

         Мектеп оқушыларын тамақтандыру сапасын бақылау мақсатында Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Айсолтан Лукмановна Соха сарапшылық (бракераж) кеңесінің құрамына енді. Ай сайынғы арнайы кестеге сай мектеп асханасы қызметінің сапасын жақсарту мақсатында тексеріп, бақылау қорытындысын (ұсыныстарын) сарапшылық журналында жазып қалдырады.

2018 жылғы қыркүйек-қазан айларында өткен «ХХІ ғасыр ата-аналары: Өз балаңа үлгі бол» Республикалық ата-аналар конференциясына қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде А.Л.Соха қатысып, ата-аналар мен педагогикалық ұжым арасындағы байланыс орнатуда қызмет көрсетті.

         Кеңес төрайымы Тлектес Сайхатановна Шингужинова педагогикалық кеңестерге қатысып, педагогикалық ұжымға үнемі қолдау көрсетіп келеді.

         Оқушылардың құқық бұзушылығының алдын алу кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген отырыстарға А.Соха оқушылар мен ата-аналарға кеңес беріп отырады. Бала тәрбиесіндегі келелі мәселелерді талдай отырып, кейбір жас, өмірлік тәжірибесі аз ата-аналармен жұмыс жасауда жүйелі түрде көмек беріп отыр (Хаттама №2, №3).

         2018 жылғы 4 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының «Тәрбие және білім» аясында «Танымал тұлғалармен» кездесу кеші ұйымдастырылды.  ҚР халық жазушысы С.Мәуленов атындағы Қор директоры, заң ғылымдарының докторы, Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры, ғылым саласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қасым Сырбайұлы Мәуленов пен Лондон олимпиадасының чемпионы, Велла Баркер кубогының иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Жұманғалиұлы Сапиевпен кездесуде Қамқоршылық кеңесінің мүшелері – Т.Шингужинова, А.Аюпов, А.Иргизбаева, А.Соха қатысты.

     Кез келген ақпараттар мүмкіндігінше мектеп сайты мен фейсбук желісіне орналастырылып отырады.