Меню KDT
МЕНЮ
Мектеп психологының кеңесі

Ата-аналарға кеңес: Балаларға ҰБТ-ға дайындалуға қалай көмектесу керек?

 

“Егер сіз нәтижеге жеткіңіз келсе, өзіңізді сол нәтижеге жеткендей сезініңіз”

 

  • Баланың неше ұпай жинағына уайымдамаңыз және оған тестілеуден кейін ұрыспаңыз. Балаға ұпай саны оның қабілеттерін шектемейтінін айтыңыз.

  • Баланы тестілеу алдында қобалжытпаңыз – бұл жағдай тестілеу нәтижесіне кері әсері етуі мүмкін. Балаға әрқашан да ата-анасының қобалжуы беріледі. Егер ересектер керек уақытында өздерінің эмоцияларымен күресе алмаса, әрине, баланың да жасына сай эмоциясы “жарылады”

  • Баланың еңсесін көтеріңіз, жақсы істегендері үшін мақтап отырыңыз. Өз-өзіне деген сенімін арттырыңыз, өйткені бала жолы болмауына көп қорықса, соғұрлым көп қателік жіберуі мүмкін.

  • Баланың денсаулығын қадағалаңыз, сізден басқа ешкім уақытында ауруды байқамайды және оның денсаулығының әлсіреуін алдын алуыңыз қажет.

  • Баланың дайындық уақытын қадағалаңыз. Көп ауыртпалықтың түспеуін байқаңыз және оған міндетті түрде сабақтар арсында үзіліс жасау керек екендігін түсіндіріңіз.

  • Үйде дайындыққа қолайлы орнымен қамтамасыз етіңіз, үйдегілердің бөгет жасамауын қадағалаңыз.

  • Баланың тамақтануына көңіл аударыңыз: жұмыс уақытында оған көптеген көкөністер мен мен дәрумендер керек. Өрік, жаңғақ, ірімшік, балық, т.б. сияқты мидың жақсы жұмыс істеуіне керекті азық-түліктер қажет.

  • Балаға дайындалу тақырыптарын күндерге бөлуге көмектесіңіз. Оны емтиханға дайындалу методикасымен таныстырыңыз. Барлығын жаттаудың қажеттілігі жоқ, негізгі керекті кездерін байқап, мағынасын түсінген жөн. Кестелерді сызып, жоспар бойынша есте сақтаңыз. Егер ол білмесе, тәжірибе жүзінде көрсетіңіз.