Меню KDT
МЕНЮ
 
ҚҰРМЕТТІ СЫРБАЙ МӘУЛЕНОВ АТЫНДАҒЫ № 37 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ МЕН АТА-АНАЛАРЫ!


2020 жылдың 6 сәуірінен бастап Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде, сондай-ақ жалпы республика бойынша оқыту қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы ұйымдастырылады. Оқыту ақпараты төмендегідей оқу арналары арқылы жүзеге асатын болады:
1. Zoom Web-конференциялары: бейнесабақтар мен пән мұғалімдерінің конференциялары сабақ кестесіне қойылады. Сабақтың ұзақтығы-10 минут, үзіліс 10 минут. Күн сайын сабақ басталар алдында оқушылардың бейне сабақтарға дайындығын бақылау мақсатында сынып жетекшісінің web-конференциясы (сынып сағаты) өткізіледі. Бұл платформаны пайдалану үшін Zoom metting қосымшасы алдын ала орнатылған компьютер немесе интернетке шығатын ұялы телефон қажет.
2. Kundelik.kz электрондық жүйесінде оқу материалдары мен тапсырмалар ұсынылып, кері байланыс (мұғалімдердің түсініктемелері мен ұсыныстары, ата-аналарды ақпараттандыру мақсатындағы хабарландырулар, үй тапсырмасын беру және оны онлайн-тексеру) жүзеге асырылады. Kundelik.kz платформасының көмегімен тапсырманы орындау кезінде тек қана тапсырмамен танысып, өзінің аға-інілері мен әпке-қарындастарына кедергі жасамай, оқулық пен дәптерді қолдана отырып орындаулары қажет. Орындалған тапсырмаларды оқушы өз ұялы телефонынан немесе отбасы мүшелерінің ұялы телефондарынан жіберуге болады.
3. Сынып оқушылары, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жетекшілік ететін оқу ісінің меңгерушілері, сонымен қатар бастауыш сыныптарда ата-аналар кіретін WhatsApp топтық чаттары құрылады. WhatsApp топтық чаттарына күнделікті бекітілген кесте бойынша мұғалімдердің бейнесабақтарының сілтемелері жіберіледі. Оқушы сілтеме бойынша өтіп, Zoom платформасында бейнесабақ қатысушысы болады. Мұғалім әрбір сабаққа жеке сілтеме жібереді. Оқушылар орындалған тапсырмаларды Kundelik.kz платформасынан бөлек, жалпы чаттың жүктемесін азайту үшін мұғалімнің жеке чатына жібере алады.
4. ТВ-сабақтар. Негізгі пәндер бойынша сабақтар еліміз үшін бірыңғай кестемен сағат 09.00-15.00 аралықтарында республикалық телеарналарда көрсетіледі. Мемлекеттік тілде оқитын оқушыларға арналған сабақтар - "Балапан" телеарнасында, орыс тілінде оқитын оқушыларға арналған сабақтар - "Ел-Арна"телеарнасында көрсетілетін болады. Сабақтар бірінен кейін бірі 1-11 сыныптар бойынша ретімен таратылады.
Қашықтықтан оқыту технологияларының негізгі ерекшелігі – оқушылардың өздігінен іздену қызметін ынталандыру. Егер бала қандай да бір маңызды себептермен мұғаліммен бірге өткізілетін ТВ-сабақтарын немесе видеоконференцияны өткізіп алатын болса, одан кейін де көруге мүмкіндіктер қарастырылған.
Әрине, алғашында қиын әрі түсініксіз болады, дегенмен біз біріге отырып, бір-бірімізді қолдап, көмектесеміз. Мұғалімдер сабақ дайындау, тапсырмаларды тексеру, оқушылар мен ата-аналарға кері байланыс беру үшін көп уақытты қажет етеді.
Құрметті ата-аналар, барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды сынып жетекшілеріңізбен бөлісе аласыздар және біз оларды бірге шешеміз.



Сырбай Мәуленов атындағы № 37 мектеп-лицейінің әкімшілігі